Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Тиімді үнқатысу үзілмейді

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитеті Еуразия халықаралық бөлімі басқармасының директоры Цянь Найчэнмен кездесті.

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Кездесуді ашқан Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кезектен тыс Қазақстан Респуб­ликасы Президентін сайлау ха­лықтың Елбасы бағытын жал­ғастыруға, оның ішінде шетелдік серіктестермен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға ниетті екендігін көрсеткеніне назар аударды.

– Қазақстандықтар елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев саясатының жал­ғаса беруіне қолдау көрсе­тіп, Елбасының барлық стра­те­гиялық бастамалары мен бағдарлама­лары әрі қарай да іске асырылып, біз­дің партияның атқаратын рөлі зор болады. Сабақтастық сонымен бірге Қазақстанның көпвек­тор­лы бейбіт сыртқы саясатын сақтап қалуды қарастырады. Біз алдағы уақытта да бұған дейін қа­лыптасқан және белсенді дамы­тылған бағыттар бойынша қа­рым-қатынасымызды нығайта бере­міз, – деп мәлімдеді Nur Otan пар­тиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

М.Әшімбаев өз сөзінде Nur Otan партиясының Қытай Ком­мунистік партиясымен ын­тымақтастықты дамытуға үлкен маңыз беретінін атап өтіп, партияаралық үнқатысудың жоғары қарқынының дәлелі ретінде 2015-2017 жылдарға арналған Ынтымақтастық туралы хаттаманы мысалға келтірді.

– Біз партияларымыздың ара­сындағы Ынтымақтастық ту­ралы хаттаманы жақсы іске асы­ра білдік. Біздің делегаттары­мыз Қытайда болып, түрлі іс-шара­лар­ға қатысты. Сондай-ақ біз де қытайлық әріптестерімізді бір­неше рет қабылдадық. Келе­шекте біздің партиямыздың және Қытай Коммунистік пар­тия­­сының ортақ мүддесін таны­татын бағыттар бойынша қарым-қатынасымызды одан әрі дамыта беретін боламыз, – деді М.Әшімбаев.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитеті Еуразия халықаралық бөлімі басқармасының директоры Цянь Найчэн мемлекеттеріміздің ара­сындағы достық қарым-қатына­сымызды одан әрі нығай­ту мақ­сатында Қытай Компарт­ия­сы­­ның Nur Otan партиясымен ын­тымақтастықты күшейте түсуге ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек тараптар, пар­тиялық оқыту мен партия­лық кадр­ларды дайындау саласын­дағы се­рік­тестіктің келешегін талқылады.