Ал биылғы жылы Laboratorio de Internet зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» (әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі) жаңа рейтингісінің қорытындысы бойынша 122 қазақстандық ЖОО арасында ші орынға ие болды. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты І орынды иеленді. Ал өткен жылдың қаңтарында «Webometrics» веб-сайттар рейтингісінде ҚазҰПУ-дың ресми сайты әлем бойынша 8686-шы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында 15-ші орынға ие болған.
Быилығы жылы мамыр айында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) сайтында ағымдағы жылдағы еліміздің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Институционалдық рейтинг нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынды иеленіп, «Сарапшылардың репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» номинациялары бойынша көшбасшы атанды. Сонымен қатар, БСҚТА рейтингтің бағалау көрсеткіштері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған веб-сайттарының рейтингісін ұсынды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес университетіміздің ресми сайты еліміздің 116 жоғары оқу орындары арасында 5-ші орынды, ал педагогикалық жоғары оқу орындарының санатында 1-ші орынды иеленді.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректор Такир Балықбаевтың басшылығымен оқу орнының Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру арқылы білім беру саласында маңызды жетістікке қол жеткізіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасында беделін және танымалдығын арттыруда. Қазіргі таңда университет білім беру мен зерттеу саласындағы танымал инновациялық орталық, мамандықтардың кең спектрі, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи индустриалды технологиялар, инновациялық бағдарламалар, жетекші шетелдік университеттермен қосдипломды бағдарламалары бар, іргелі ғылымның қарқынды дамуына ие, халықаралық білім және ғылым қоғамдастығына енген заманауи білім беру ұйымы болып табылады.
АЛМАТЫ