Қоғам • 20 Маусым, 2019

I Гендерлік форум өтті

166 реткөрсетілді

Гендерлік саясат, яғни әйелдердің тең құқығын және өмірдің барлық саласына қатысуын қамтамасыз ету мәселесі шетелдерде ғана емес, елімізде де жүйелі қолға алынып келе­ді. Назарбаев Университеттегі Гендерлік ғалымдар консор­циумының (GenCon) ұйымдастыруымен I Гендерлік форум өтті.

Ауқымды шарада бас қосқан 100-ден  астам ға­­лым, оқытушы, отан­дық және шетелдік ұйым­дардың қыз­меткерлері «Орталық Азия­дағы гендерлік сын-те­геуріндер мен өзгерістер» тақы­­рыбында ой бөлісті.

Назарбаев Университет Жо­ғары бизнес мектебінің қауым­­дастырылған профессоры Дженифер Льюис гендерлік та­қырыптың теориялық және практикалық аспектілерін толық тал­қылауға тырысқанын тілге тиек етті. «Форумға ат­са­лысқан қазақ­стандық м­ек­тептердің өкіл­­­­­дері оқу­шылармен жұмыс істеу барысында кездесетін ең ма­ңыз­ды гендерлік аспектілерге тоқ­талды», деді Д.Льюис. Халық­­­аралық сарапшының сөзіне сенсек, Назарбаев Университеттегі Меди­цина мектебінің профессорлары дәрігерлердің науқастармен қарым-қатынасы кезінде қандай мәселелермен бетпе-бет келгенін тарқатып айтты.

Гендерлік теңдік мәсе­лелері әр салада кездеседі. Оны сол саланың мамандары ғана жақсы біледі. Осы жайтты ескерген форум сарапшылары мансаптық мүмкін­діктердегі теңдік, сая­­­сат­тағы әйелдердің орны, жас­тарға жыныстық білім беру, тұр­мыстық зорлық-зомбылық, әйелдер кәсіпкерлігі, сыбайлас жемқорлықтың гендерлік аспектілері секілді қоғамдағы мәселелерді қамту арқылы тақы­рып аясын кеңейте түсті.

Ал шараның келесі кү­ніне белгіленген стейк­хол­дерлердің (stákeholder – қызығушы тарап, жеке тұлға, делдал немесе өкіл) дөңгелек үстелінде білім бе­ру саласының қызмет­керлері, ға­лымдар, ҮЕҰ мен өзге де ұйым­дардың өкілдері алғашқы күні айтылған сараптамалар мен осыған дейінгі жасалған ген­дер­лік зерт­теулерді іс жүзінде қа­лай қол­дануға болатынын тал­қылады.

Назарбаев Университеттің Жоғары білім беру мектебінің ассистент-профессоры Анна Коэн-Миллер аталған ЖОО-дағы әріптестерімен бірге оқушылар арасындағы ген­дер­лік аспектілер жөнінде ауқымды зерттеу жүргізеді. «Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ортасын және тәжірибесін зерделеумен айналыстым», деген А.Коэн-Миллер дөңгелек үстел барысында зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар