Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда
Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:17
Қоғамдық орындардағы бұзақылық пен көше қылмыстарының жолына тосқауыл қою мақсатында Алматы қалалық ішкі істер департаменті бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі екі мыңнан астам ерікті полиция көмекшілері мен ішкі әскердің жеті жүзден астам сарбазы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға жұмылдырылған. Оған қоса, көшелерде жаяу тәртіптік шолу жасайтын топтар мен көлік бағыттары да екі есеге жуық көбейтіліп отыр. Тек осының нәтижесінде ғана қаладағы қылмыстық ахуал тұрақтанып, аса ауыр қылмыс саны біршама төмендеді.

Қырықтан астам ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарақшылық жасаумен айналысқан 84 қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылып, кісі тонаумен айналысқан жүзге жуық топтың жолы кесілді. Сондай-ақ, Ресей мен Өзбекстаннан келіп, жасанды жол-көлік оқиғаларын ұйымдастырған алаяқ топ қолға түсті, дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Ал тәжірибе көрсеткеніндей, оңтүстік астанада тіркелген қылмыстардың көпшілігін еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер жасауда. Олар көп жағдайда пышақ, атыс қаруы сияқты заңмен тыйым салынған қаруларды қолданып, өзгелердің құнды заттарын тартып алатындығы көпшілікке белгілі. Осындай келеңсіздіктерді елеп, ескерген қалалық полиция басқармасы заңды талаптарды да біршама күшейтті.
Бақыт БАЛҒАРИНА,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.