Президент • 21 Маусым, 2019

Халық өз басшысын дұрыс таңдады

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Халық өз басшысын дұрыс таңдады

Дамуға бастаған индикатор

Бұл сайлау Қазақстанның демо­кратия­лық даму индикаторына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясаты бұл тұтастай ел туралы оң көзқарастың қалыптасуына әсер етті. Ал президенттік сайлау­ды өткізу арқылы Қазақстан халқы­мен санасатын еркін ел екендігін дәлелдеді. Мұны өте маңызды деп есептеймін.

Сарапшы ретінде Қазақстан туралы айтарым, Жапонияда Қазақ­стан жайлы бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында жағымды имидж қалыптас­қан. Токио мен Нұр-Сұлтанды жалғайтын тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты бекітіп, туризм саласының дамуына жол ашады деп ойлаймын. Жаңа Пре­зиденттің экономиканы мықтап қолға алып, елдегі әлеуметтік тепе-теңдікті реттеуге күш салатынына да еш күмәнім жоқ.

Мичио ТОМИ,

Халықаралық валюталық қатынастар институтының құрметті профессоры (Жапония)

 

Халық өз басшысын дұрыс таңдады

Қазақстан халқын жаңа Прези­денттің ресми қызметін бастағанына орай шын жүректен құттықтай­мын. Қасым-Жомарт Тоқаев – әлемдік деңгейдегі танымал саясаткерлердің бірі. Оның Президент болуы – алдағы уақытта Қазақстанның халықаралық даулар мен шиеленістерді шешудегі араағайындық рөлінің арта түсуіне кепіл.

Қ.Тоқаев халықаралық бейбіт­шілік пен қауіпсіздікке үлкен үлес қо­сатыны сөзсіз. Қазақ­стан хал­қын ел басшысы дұ­рыс таң­дағаны үшін тағы да құттық­таймын.

Сайд ХАНИ,

«Гомхурия» газеті редакторының  орынбасары, халықаралық істер бойынша сарапшы (Мысыр)


Қазақстан – әлеуеті зор ел

Жақында өткен Президент сайлауы Қазақстанның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін күшейтті. Менің жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтағым келеді.

Сын айту оңай, бірақ қысқа уақыт ішінде мықты мемлекет құру өте қиын. Қазақстан бүгінде орасан зор экономикалық күшке ие. Бұл ретте өзге елде жоқ мүмкіндіктерді ерекше атап өтуге болады. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Мұнда қарапайым халық үшін де, БАҚ үшін де барлық қажетті жағдай жасалған. Менің ойымша, Қазақстан халқы мен Үкіметінің мықты ұлтты сақтап қалу үшін бірлікте әрекет ететіні сөзсіз.

Надараджа СЕТУРУПАН,

«Norway News» порталының бас редакторы

(Норвегия)