Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Шетелдік инвесторлардың үлесі зор

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экономикалық дипломатияны іске асыру аясында шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа жүйесі құрылып, бұл бағыттағы жұмыс үнемі жетілдірілуде.

Шетелдік инвесторлардың үлесі зор

2018 жылдың қорытындысы бо­йынша тікелей шетелдік инвес­тициялардың жалпы ағыны 15,8%-ға өсіп, 24,3 млрд АҚШ долларын құраған. Тағы бір ерекше тоқ­тала кетер жайт, 2018 жылы шетел­дік инвесторлар 6 мыңға жуық тұрақты жұ­мыс орнын ашқан.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың айтуынша, 2018 жылы негізгі инвес­тор елдер қатарына Нидер­ланды, АҚШ, Швейцария, Ресей, Қытай, Бельгия, Франция, Ұлы­бри­тания, және Корея Республи­касы енген.

Еліміздің Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасы бойынша, өткен жылдың желтоқсан айында инвес­тициялар тарту қыз­меті Сыртқы істер министрлігіне берілді.

Осылайша қазіргі таңда инвестормен және жо­бамен нақты жұмыс істеуге мүм­кіндік беретін шетелдік ме­ке­ме­лер-орталық-өңір форматын­да үш деңгейлі жүйе құ­рылды. Мұн­дай механизм жаңа жобалар мен ин­весторларды анық­тауға мүм­кін­дік береді, жобаны баста­ма­шы­­лық ету мен оны іске асыру ара­сын­дағы жолды қыс­қартады. Со­ны­мен қатар жыл басы­нан бері Қазақ­станның шет­ел­дердегі меке­мелері шетел­дік ком­пания­лармен 140-қа жуық кез­десу өткізіп, іске асыруға әле­уе­ті жоғары 128 жобаны анықтаған.

Осы бағытта Үкіметтің атынан бірыңғай келіссөз жүргізетін және инвесторларды идеядан жобаны іске асыруға дейін сүйемелдей­тін «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы да маңызды рөл атқара­ды. Сондай-ақ «Астана» халықара­лық қаржы орталығы тиісті қаржы құралдарымен және халықаралық дең­гейдегі қыз­меттерімен өз ала­ңын ұсынады.

Баспасөз конференциясында сондай-ақ ірі жобаларды іске асы­ру үшін резервтер бар басым сек­торлар атап өтілді. Олар – азық-түлік өнеркәсібі, агрохимия, ауыл­­шаруашылық техника­сы, газ хи­мия­сы, ақпараттық-ком­му­ни­ка­ция­лық технологиялар, тау-кен метал­лургиялық кешені.

Қазақстандағы инвестиция­лық климатты жақсарту жөнін­дегі жұмыс туралы Е.Көшербаев: «СІМ-нің инвесторларға тек ақ­парат пен кеңес қана емес, сондай-ақ мемлекеттік қыз­мет ­көрсетуге ар­налған бірың­ғай алаң болатын фронт-кеңсе­лерді құру бойынша жұ­мыстар жүргізіп жатыр», деді. Сон­дай-ақ Сыртқы істер министрі орын­­басарының айтуынша, инвес­ти­ция­лық климатты жақсарту жө­нін­дегі жұмыстар жалғаса бермек.