Қазақстан • 26 Маусым, 2019

БАҚ өкілдерін құттықтады

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Жоғарғы соттың Төрағасы Жақып Асанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

БАҚ өкілдерін құттықтады

Шараға Жоғары сот судьялары, сот шешімдерін іске асыратын департаменттер басшылары қатысты. Сонымен бірге кездесуде жетекші БАҚ-тар басшылары, реттеуші-судьялар, облыстық соттардың баспасөз қызметкерлері болды. «Бұл кездесу жақсы дәстүрге айналып келеді. Осы кездесуде еліміздегі барлық жаңалықтарды халыққа жеткізетін сіздердің істеріңізге алғыс айтудың сәті түседі. Сіздердің әділетті қалам күштеріңіздің арқасында халық бәрін біліп отырады», деді Жақып Асанов өзінің құттықтау сөзінде.

Одан әрі Жоғарғы соттың Төрағасы сот кадрларының Елбасы тапсырмаларын орындаудағы кәсіби шеберліктеріне, біліктіктеріне тоқталды. Сот жүктемелерінің нормадан тыс ауыр болғанына, қазір соның түзетілгеніне назар аударды. Әкімшілік-процессуалдық кодекстің жаңа жобасына мемлекеттік органдар талап-арызды берген емес, өзінің шешімінің дұрыстығын дәлелдеу үшін «кінәсіздік презумпциясы» енгізілгенін айтты. «Биылдан бастап соттар жаңа заңнаманың негізінде жұмыс істеуде. Жаңадан 16 заң жобасы әзірленді, оның 6-сы қолданысқа енді, ал 7-уі Мәжілістің қоржынында жатыр. Ал үшеуі мемлекеттік органдардың келісуіне жіберілген. Қазір судьялардың кадрлық сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Олардың артық жүктемеден босатуды және сот процестерін оңтайландыру қолға алынды», деді өз сөзінде Ж.Асанов.

Құттықтау шарасында, сонымен бірге БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі реттеуші судья Денис Шипп және т.б. сөйледі.

Шараның соңында БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.