Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Қостанайда «Солтүстік соясы» мемлекеттік бағдарламасының тұсауы кесілді

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің «Алқап күні» басқосуында кеңінен қаралған мәселенің бірі облыстың солтүстік аудандарында соя дақылын дамыту туралы болды.

Қостанайда «Солтүстік соясы» мемлекеттік бағдарламасының тұсауы кесілді

«Солтүстік соясы» мемлекеттік бағдарламасы республикада жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  облыстың ылғалы мол солтүстік аудандары әкімдерінің алдына 2020 жылы себілетін соя тұқымын алуды тапсырды.

Соя дақылын қара топырақты Федоров ауданындағы «Трояна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдан бастап егіп келеді. Шаруашылық жетекшісі Юрий Малышко шаруашылық басшылары алдында өз тәжірибесімен бөлісті.

«Ең алдымен соя дақылы нарықта қымбат. Мысалы өткен жылы біз тоннасын 140 мың теңгеден саттық, Мұны арзан беріп қойғанымызды кешірек білдік, әйтпесе оның бағасы тоннасына 160 мың теңгеден төмен түспейді. Екіншіден соя еккен жерге егілген кез келген дақылдың өнімі жоғарылайды. Мысалы біз соя алқаптарына еккен бидайдың әр гектарынан 38 центнерден өнім алдық» деді Юрий Малышко.

«Трояна» шаруашылығы сояны егіс алқабының 10 процентіне дейін жеткізді. Мұның сыртында  майлы, бұршақ дақылдарын да егеді. Юрий Михайлович әріптестерін соя егуге, «Солтүстік соясы» бағдарламасына қатысуға шақырды.


Қостанай