Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Қарабұлақ кентінде туған. 

Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 

Қазақстан даму институтының бөлім меңгерушісі, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған. 

1996-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, Ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі. 

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, 2012 жылғы қазаннан 2016 жылға дейін Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болды; ҚР Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары (2016-2018). 

2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.  2019 жылы 5 шілдеде басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған. 

Қазақстанда, Ресейде, Үндістанда, Украинада басылған 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Саясаттану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының мүшесі. 

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.