Президент • 05 Шілде, 2019

Жасалып жатқан жұмыстар халыққа жетуі керек

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жасалып жатқан жұмыстар халыққа жетуі керек

Кездесу барысында халықтың әлеу­меттік жағдайын көтеру, жұмыс­сыздықты жою, жемқорлықты ауыз­дықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты.

Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.