Президент • 05 Шілде, 2019

Мәдениет және спорт министрін қабылдады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт  министрін қабылдады

Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және орта мерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сон­дай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Кие­лі Қазақстан» бағдарламаларын, ту­ризм, спорт, мәдениет және тіл саяса­ты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қай­рат­керлерінің әлеуметтік тұрмыс жағ­дайын жақсарту, жергілікті атқарушы 
органдармен және бизнес-құры­лым­дармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.