Ағаш көшеттеріне тасымалдау және отырғызу кезінде залал келгендіктен олар биылғы жыл көктемей қалған. Осыған орай, жаңа ағаштар отырғызуды «Компания АИС Астана» мердігерлік компаниясы қолға алады.
«Алматы-2020» бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың пайызға жаңартудан өтсе, қолайлы орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болған. Көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылып, суғару автоматты жүйеге көшкен.
«Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматыда биылғы жазда жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Достық даңғылының, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бөліктерін де жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Айғаным МЕТЕРБАЙ
АЛМАТЫ