Руханият • 12 Шілде, 2019

Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы

519 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен бірлесе отырып, «Архив – 2025: архившілер мен тарихшылар диалогы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ұлттық архив қоры құжат­тарын пайдалану төңірегіндегі мәсе­ле­лерді кәсіби түрде талқылауға ар­налған шараның Алматы қала­сының түбіндегі Жаңалық елді мекенінде орналасқан музейде ұйымдастырылуының зор мәні бар. Саяси қуғын-сүргін кезең­дерінің құпияларын жан-жақты ашатын зерттеулер жүргізіп, жа­зықсыз жазаланған алаштық және кеңестік қайраткерлердің өмір жолдарын зерделеп, олардың мұ­раларын тауып, ғылыми айна­лымға енгізіп, бұған қоса, револю­циядан кейін бірден басталып кеткен үш дүркін ашаршылық зоба­лаңы айналасындағы шындық­ты тануда өлшеусіз еңбек үлгісін көрсетіп келе жатқан «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осы қоғамның бүгінгі төрағасы, музей директоры, фи­ло­логия ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, Президент Архивінің директоры Жәмила Әбді­қадырова бастап келген архившілерді және АҚШ-тағы Беркли университетінің зерт­теушісі Агнешка Смельковсканы қарсы алып, Елбасы Н.Назарбаев арнайы бөлген ауқымды аумақты алып жатқан мемориал кешенінің жұмысымен, Жетісу аймағының құрбандарына арналған музей тарихымен таныстырды.

  Жыл сайын Жаңалықта жерленген шейіттерге байланысты шимай тарихтың шындығы, тың деректердің беті ашылып келеді. Бұл жерде «халық жауы» жазасын арқалаған 58-баптың жазықсыз құрбандары ғана емес, бандитизм, экономикалық қылмысқа іліккен күдіктілер де желкеден көздеген жендеттер оғынан жер құшқан. Осы маңайдан жиналған бір қап оқтық гильзасы, көзәйнек сынықтары, былғары бәтеңкелер мен етіктердің жұрнақтары, темір­мен қапталған тіс қалдық­тары қасіретті жылдардың қара таңбасын еске салып, музей сөресінен орын тапқан. Үш залдан тұратын музейдің «Реквием» залында 4125 адамның аты мен тегі тұтас қабырға бойын қуалай, мәрмәр тасқа қашалып жазылған. 

Ауқымды жерге пантеон құ­ры­лысын жүргізіп, жат жерден топырақ бұйырған Алаш арыс­тарының сүйегін туған жері­не жеткізіп, қайта жерлеу, топы­рағын әкелу, басына белгітас ор­нату, ірі қайраткерлердің жеке музейін жасақтау – қоғам жұ­мысының келешекте атқаратын жұмысының үлкен бөлігі. Сон­дай-ақ зерттеуші ғалым қоғам жұ­мысымен қанаттаса, Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттеумен айналысатын ғалымдар­дың ең­бегін жарыққа шығарып келе жатқан «Арыс» баспасынан ұсынылған Т.Омарбековтің «Ашар­шылық», Б.Қойшыбаевтың «Ұлт­тық апатты тану», «Қазақ» газе­тінің жинақтары, Шәкәрімнің қайта басылып шыққан «Иманым» кітап­тарының маңызы туралы әң­гі­мелеп, бірнеше данасын ар­хивке сыйға тартты. 

Президент архивінің директоры Ж.Үсіпжанқызы отандық музейлермен әріптестік орнатып, тарихи-деректі көрмелер ұйым­дастыруда бай тәжірибе жи­на­қ­тағандарын айтты. Архив қоры мен музей қоры тақырыбы жа­ғы­нан бір-бірін толықтыра түсе­тін ортақ көрме жобалары ар­қылы тіпті ең күрделі тарихи та­қы­рып­тардың өзін: фотосурет­тер мен құжаттар, күнделікті тұр­мыс пен тіршілік құралдары мен бұ­йымдарын, естеліктерді, бас­пасөз материалдарын кең ауқым­да ашып көрсетіп, өткен кезең­нің айрықша тынысын се­зінуге мүмкіндік береді. Пре­зидент архивінің қорындағы құ­жат­тар тек қазақстандық емес, шетел­дік музейлердің тұрақты экс­по­­зициясы құрамында да ұсы­ны­лып келеді. Саяси қуғын-сүр­гін құрбандарына арналған му­зей­де де архив қорындағы құжат­тар молынан көрініс тапқан. Пре­зи­дент архиві мен музейдің бұдан арғы әріптестік байланысында бірлескен ағартушылық, та­ным­дық шаралар негізінде та­рихи-деректі мұраларды танымал ете түсу мақсаты қарас­ты­­рыл­ған. Дөңгелек үстел басын­дағы келелі әңгіме үстінде бір­қатар керекті мәселе қозғалды, атап айт­­қанда, Қазақстан архив­тері мен музейлерінің заманауи жұмыс үр­ді­сімен үйлесімділігі, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында бір­лес­кен ғылыми-зерттеушілік жо­­ба­ларды жүзеге асыру мүм­кін­дігі, тарихи жинақтарды әзірлеу, та­­­­рихи-деректі көрмелер мен бас­­­қо­су­­лар ұйымдастыру секілді өзара тиімді байланыстар сөз болып, пай­далы ақпараттар алмасты.


Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар