13 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтан әкімі "Жағалау" ТК үлескерлерінің мәселелерін тыңдады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі кезекті рет үлестік құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімі "Жағалау" ТК үлескерлерінің мәселелерін тыңдады

Алтай Көлгінов "Жағалау-3" ТК (А-Ж блоктары), Сығанақ көшесі, Қорғалжын тас жолының оңтүстігіне қарай орналасқан "Жағалау-4" ТК құрылысы орнында болды, сондай-ақ Тұран даңғылының батысына қарай Сығанақ көшесі (жобаланатын) бойындағы салынып жатқан "Шығыс" ТК мәселелерімен танысты. Бұл тұрғын үйлерде 1500-ден астам үлескер өз пәтерлерін күтіп жүр. Кездесу барысында олар құрылыстың созылуына қатысты наразылықтарын білдірді. Үлескерлермен әңгімелесе келе, әкім өз тарапынан әкімдік нысандарды тапсырудың бекітілген мерзімі орындалуы үшін барлық шараларды қолданатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол құрылыс салушылар өз қаражатын үйлерге салған адамдардың сенімін ақтамағанын, олар ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмаған, сондай-ақ көптеген кемшілігі бар екенін атап өтті. 

"Құрылысты салушылар үлескерлердің ақшасын пайдалана отырып, үй салу міндетін өз мойнына алды, бірақ адамдардың сенімін ақтамады. Мұндай теріс пиғылды адамдармен алдағы уақытта жұмыс істемейтін боламыз. Енді аталмыш мәселені өз күшімізбен жеткізетін боламыз. Ең бастысы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік қаражат бөлінді.  Құрылысты аяқтау және үлескерлердің ұзаққа созылған мәселелерін түпкілікті шешу процесін бақылауда ұстаймыз", - деді әкім.