13 Шілде, 2019

Елордада масаларды «қуып жатыр»

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала аумағын шыбын-шіркейден залалсыздандыру 4 аудандық әкімдіктің күшімен жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары ең көп баратын аумақтарға ерекше назар аударылатын болады.

Елордада масаларды «қуып жатыр»

Бүгін Алматы ауданы әкімдігінің мердігерлік ұйымы "Триатлон", "Президентский" саябақтарының аумағында, сондай-ақ, Б.Момышұлы ескерткішіне, "Хайвил" ТК, "Гранд Астана" ТК, "Французский квартал" ТК және Панфилов көшесінің бойындағы Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысқа 3 бригада, 3 автокөлік, 3 биолог тартылды, сондай-ақ, термогенераторлар, жел генераторы, роторлық бүріккіштер жұмылдырылды. 

Жұмыстар сағат 22:00-ден 5:00-ге дейін жүргізіледі. Байқоңыр ауданы бойынша сағат 22.00-де А.Иманов, А.Сембинов, А. Пушкин, Кенесары көшелері бойынша дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 1 биолог, 10 дезинфектор, 1 бригадир, 1 құюшы, 3 термогенератор жұмылдырылды. 

Есіл ауданыны бойынша  әкімдіктің мердігер ұйымы 22.00-ден сағат 5.00-ге дейін "Шығыс Ильинка" тұрғын алабы, KADEX көрме орталығының аумағы, Есіл өзенінің жағалауында масаға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізеді. 

Жұмысқа 8 адамнан 5 бригада, 4 автокөлік, 2 биолог тартылды. Жұмыстарды термогенераторлар, роторлық бүріккіштер жүргізбек. 

Сарыарқа ауданы бойынша масаларға қарсы залалсыздандыру "Агрогородок" аумағында жүргізілетін болады. 2 бригада, 2 термогенератор бригадасы, 1 бригадир, 2 бірлік автокөлік, 2 құйғыш, 1 бірлік ДУ - 1000 жұмылдырылды. Қосымша 1 бригада, жұмыс уақыты сағат 5.00-ден 8.00-00-ге дейін.