13 Шілде, 2019

Ақтөбе облысы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновті қабылдады.

Ақтөбе облысы цифрландыру бойынша алдыңғы қатарда

Кездесу барысында аймақ басшысына басқарма төрағасы С.Сәрсенов «Қазпошта» АҚ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар жобаны таныстырып өтті. Сонымен қатар басқарма төрағасы цифрландыру саласы бойынша Ақтөбе облысының Республика көлемінде көшбасында тұрғанын атап өтті.

Атап өтсек, алдағы уақытта «Қазпошта» тарапынан цифрландыру саласында қызмет алу, Ақтөбе қаласының тұрғындарына арналған бірыңғай әлеуметтік картаны іске қосу, КСК жұмысын автоматтандыру, электрондық сауда жүргізу жобалары жандандырылады.

- Қазіргі таңда облыс көлемінде «Қазпошта» қызметінің жақсы жолға қойылғанын байқап отырмын. Өзім де іссапар барысында көріп-біліп жүрмін. Шалғай ауылдардағы тұрғындардың көптеген әлеуметтік проблемасы, күнделікті тұрмыстық бағыттағы жұмыстары осы компаниямен шешіліп отырғаны қуантады. Тұрғындардың басым көпшілігі «Қазпоштаның» жұмысын жақсы пайдаланып отыр. Алдағы уақытта екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтып, бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», - деді аймақ басшысы.

Жиын соңында облыс әкімі О.Оразалин «Қазпошта» басшылығының ұсыныстарына толықтай қолдау көрсетілетінін айтып, қала әкімі Мавр Абдуллинге және тиісті мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.