«Бішкекте өткен тамырлас елдердің Білім министрлері жиынында мақұлданғаннан кейін оқулық бауырлас елдердің мектеп бағдарламаларына тегіс енгізілді. Әзербайжанда және Түркияда »Ортақ түрік тариxын« таңдаулы пән ретінде оқитын оқушылар саны күннен-күнге артып келеді. Қазақстанда Назарбаев интеллектуалды мектептерінде сыннан өткен оқулық биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 8-сыныптарында таңдаулы пән ретінде оқытыла бастайды» делінген хабарламада.
Сондай-ақ Халықаралық түркі академиясының президенті терең тариxымыздың түп-тамырларына жетелейтін тағылымды пәнді таңдау арқылы балалар өткеннің өнегесіне үңіле түседі деп ойлайтынын жеткізген.
«Ғылым» баспасынан шыққан оқулықты Түркі академиясынан алуға болады.