Аймақтар • 14 Шілде, 2019

Ақтөбе облысының әкімі ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін тамашалады

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында «Егістік күні» ауылшаруашылық техникаларының көрмесі мен осы салаға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар өтті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының әкімі ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін тамашалады
Мәртөк ауданы Родниковка ауылында «Егістік күні» ауылшаруашылық техникалырының көрмесі өтті. Және ауылшаруашылығына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған семинар ұйымдастырылды. Агрономдардың ауқымды басқосуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, ауылшаруашылық саласындағы  жаңартылған техникалармен танысты. Сондай-ақ дәстүрлі  түрде өтетін шараға жергілікті 160-тан астам шаруа қожалық басшылары мен Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген мамандар да болды. Келген қонақтар биыл «Родники Агро», «Бордо Индастрис», «Туркуаз Машенери». Евразия груп», тб шаруа қожалықтарының  ауылшаруашылық техникаларын тамашалады. Мәселен, «Родники Агро» ЖШС дихандары  жақында ғана 1 млрд 300 млн теңгеге трактор, комбайн, соңғы  үлгідегі  озық техникаларды сатып алған. «Егістік  күнінің» мақсаты Ақтөбе өңірінің  ауылшаруашылық саласындағы цифрландыру жүйесін көрсету, өзге өңірдің мамандарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Биыл облыста  786 мың  га жерге  әр-түрлі майлы дақыл,  дәнді-дақыл, көкөніс, жеміс-жидек егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 % артық. Сонымен қатар Ақтөбе облысының  егін шаруашылығына 4,4 млрд теңге  қаржы бөлінген. Соның ішінде 800 млн-ға жуық қаражат субсидияға арналған. Бұл - шаруалардың кәсібін дамытуға  жасалған үлкен мүмкіндік. 
Техникалық көрмеден соң, мамандардың бас қосуымен семинар өтті. Семинарға қатысушылар Ақтөбе  өңіріндегі егін саласын одан әрі дамыту жолдарын талқылап, пікірлерін білдірді. 
Жиын соңында Оңдасын Оразалин ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаевқа саладағы  ескі техникалардан арылып, алдағы уақытта жаңалауды, соңғы үлгідегі техникаларды енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырды.