Әлем • 14 Шілде, 2019

Филиппинде жер сілкінісі болып, 25 адам зардап шекті

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппиннің оңтүстігіндегі Миндао аралында болған 5,8 магнитудалық жер сілкінісінің салдарынан 25 адам зардап шекті, ондаған құрылыс қираған. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппинде жер сілкінісі болып, 25 адам зардап шекті

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 4:45-те Кантилан муниципалитетінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 км қашықтықта сезілген. Филиппин билігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің салдарынан кемінде 25 адам зардап шекті. Сондай-қ шіркеу, өрт сөндіру стансасы сияқты ғимараттар бұзылып, тұрғын үйлер қираған.
Филиппинді басқару, қауіп-қатерлер мен қайғылы жағдайларды азайту жөніндегі Ұлттық кеңестің мәлімдемесінде көптеген үй мен ғимараттардың қирағандығы айтылады. Сондай-ақ көптеген үйдің қабырғалары жарылған. Зілзала, әсіресе, Карраскал, Кантилан, Кармен, Мадрид, Лануза пен Кортес ауылдарына көп зардабын тигізген. 

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілді.