Қазақстан • 15 Шілде, 2019

Президент Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы жарылысқа байланысты қатаң сөгіс жариялады. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Президент Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.