Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Петропавл шағынаудандарын дамытудың бас жоспары талқыланды

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әкімдіктің кезекті отырысында Петропавлдың бас жоспарының жобасы талқыланып, жыл аяғына дейін әзір ету міндеті қойылды.

Петропавл шағынаудандарын дамытудың бас жоспары талқыланды

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  алты шағынаудан құрылысы мен абаттандыру мәселесін жете ескеру, шахар аумағын бей-берекетсіз кеңейте бергеннен гөрі жинақы қылу қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жылдары облыс орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Алғашқы жартыжылдыққа бекітілген міндет асыра орындалды. Бұл ретте бас жоспар  жан-жақты ойластырылып, заман талабына жауап беруі керек екендігіне  Алматыда орналасқан «Градкомплекс» серіктестігінің директоры Нұрбек Аужанов та тоқталды.  

«Теріскей төріндегі қаланың әлеуеті зор. Инфрақұрылымын тыңғылықты зерттедік. Бос орындар  шахардың  сыртында ғана емес, ішінде де аз емес. Бейберекет, пайдасыз тұрған аумақтарды тиімді пайдалана білген жөн. Менің ойымша, нысандар бір-біріне жақын орналасуы қажет.  600-ден астам жер үй сүріліпті. Биыл бұл бағытта  ауқымды шаруалар атқарылмақ екен.  Екіншіден, индустриалдық аймақты қайта құру керектігін айтқым келеді. Яғни, бос тұрған кәсіпорындардың ғимараттарын спорт зал, ойын-сауық орталықтарына айналдыруға болады. Сонда тұрғындардың  сұранысы қамтамасыз етіледі», деді ол.

Петропавл  дәл Есіл жағасында орныққанымен, бірде-бір кәсіпкер паркке ұласатын жағалауды қолға алмапты. Құмар Іргебайұлының айтуынша, қаланың аумағын ұлғайту қомақты қаржыны, зор шығынды қажет етеді. Сондықтан жер үйлерді сүріп, босаған жерлерді пайдалану әлдеқайда тиімді.

«Сәулеттік стильді ұстаныңыздар. Нысандарды кешен ретінде тұрғызу қажет. Бөлек-бөлек салып, әртүрлі болғаны шахар шырайын ашпайды. Бірінші кезекте түстері мен дизайндарына мән беріңіздер. Барлығы үндестікте болсын. Айта кеткен жөн, коммерциялық мақсатта ғимарат, баспана саламын деген инвесторларды қолдауға дайынбыз», деген әкім Береке ықшамауданында көпқабатты баспаналар  тұрғызылғанымен, әлі де аздық ететінін атап көрсетті.  Қазір мұнда 100 пәтерлік 6  көпқабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, 600 орынды мектеп салынуда.

40 гектар аумаққа созылатын Копай заманауи шағын ауданының жобасы жиналғандардың назарына ұсынылды. Оған бірқатар түзетулер енгізілді. Шығыс ықшамауданында көпбейінді аурухана тұрғызылады. Осы маңайда медицина қызметкерлеріне арнап көпқабатты баспана бой көтереді.

Солтүстік Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00