Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Cолтүстік Қазақстанның шалғай ауданында көпсалалы спорт алаңы ашылды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында көпсалалы спорт алаңы пайдалануға берілді.

Cолтүстік Қазақстанның шалғай ауданында көпсалалы спорт алаңы ашылды

Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында көп салалы спорт алаңы ашылды.

Балаларға арналған алаңқай, көше тренажерлары және хоккей корты мен футбол алаңы талапқа сай жабдықталған.

«Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында елімізде 40-қа жуық спорт алаңы орнатуға міндеттеме алған болатын. 

«Солтүстік Қазақстанда  екеуі тұрғызылады. Алғашқысы аудан орталығында іске қосылса, екіншісі Петропавл қаласында  салынады. Бұл мақсаттар үшін 58 миллион теңге қаржы бөлінді», дейді «Samruk KazynaTrast» қорының өкілі Ибраhим Шәймерденов.

Аудан орталығында орналасқан 11 темір жол ұйымында шамамен 1200-ге жуық теміржолшы жұмыс істейді. Күні-түні халық игілігіне еңбектенетін жандардың бала-шағасына барынша жағдай жасау үшін ауданда бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, теміржол бекет маңында  600-ден аса бала тұрады. Олар бос уақыттарын тиімді өткізуі және саламатты өмір салтын ұстануы үшін осындай заман талабына сай спорт алаңына мұқтаж болатын.  Енді кез-келген уақытта осы жерге келіп, түрлі спорт түрлерімен алаңсыз айналыса алады.

«Осындай заманауи спорт алаңын салып берген ағаларамызға алғысымыз шексіз. Бізге қатты ұнады. Тренажерлар өте жақсы», дейді балдырғандар қуаныштарын жасыра алмай

Мүмкіндігі шектеулі жандар да тренажерлермен еш қиындықсыз жаттыға алады.