Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Қызылордада бір аптада үш жеткіншек суға кетті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында алапат ыстықтың беті қайтпай тұр. Аптап жан біткенді бір тарының қауызына сиғызып жібергеннен кейін жұрт жанға дертті сабат жерлерден, сулы өңірлерден тауып жатыр. Алайда, бұл жасөспірімдер үшін қайғылы оқиғаға соқтырып жатыр.

Қызылордада бір аптада үш жеткіншек суға кетті

Бір аптада үш жеткіншек тілсіз жаудың құрбаны болған соң осылай деуге тура келеді.

«Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Олардың қайда жүргенінен хабарсыз. Жыл басынан бері 21 адам суға кетті. Оның ішінде сегіз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Біз тұрғындар арасында қауіпсіздік шаралары жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргіземіз. Дегенмен оған көбісі құлақ аса бермейді. Салдарынан тосын жағдайлар орын алып жатады», - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.