Экономика • 16 Шілде, 2019

Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорт көлемі 9 есеге артты

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы республикада балық шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі. Облыс балық аулау, өңдеу көлемі бойынша республикада 3- орында келеді. 2019 жылдың 6 айында облыс бойынша 2397 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 53 млн теңге қаржы түсті. Бүгінгі күні облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Балық өнімдерінің 13 түрі шығарылып жатыр.

Қызылорда облысында балық өнімдерінің экспорт көлемі 9 есеге артты

Соңғы 5 жылда балық өнімдерінің экспортының көлемі 9 есеге артты. 2018 жылы облыстан 3804 тонна балық өнімдері экспортталса, осы жылдың 6 айында экспорт көлемі 2406,5 тоннаны құрады. Балық өнімдерін Ресей, Польша, Голландия, Украина, Әзірбайжан, Қытай елдеріне экспорттауда.

Қамбашта өткен балықшылар слетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының Құрметті азаматы Құдайберген Саржанов:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне сапарында Арал теңізіне көңіл аударатынын айтты. Келешек Аралдың жағдайы жақсы. Ол үшін біз қолымыздан келген көмегімізді көрсетуіміз керек. Облыс басшыларының арқасында аталмыш слет 5-рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Арал теңізінің күні де 2 рет аталып өтті. Мұның бәрі - Аралдың қасіретіне әлемнің назарын аударту деген сөз. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, мұндай слеттің аналогы жоқ» деді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше