Бокс • 16 Шілде, 2019

17 тамызда Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксшының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Бұл туралы Ж.Әлімханұлы Инстаграмдағы парақшасында жазды.

17 тамызда Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді

«Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Қазақ стилін тағы бір көрсететін сәт туды. Қарсылас осы аптада анықталады. Жеңісте жүздесейік!», - дейді Жәнібек Әлімханұлы. 

Айта кету керек, 13 сәуірде Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген еді. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Соңғы жаңалықтар