Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Бөдене саңғырығы – биоотын

94 реткөрсетілді

Кемеңгер ауылында орналасқан «Ауыл шаруашылығы тәжірибе­лік стансасы» ЖШС-ның фермасында бір мыңға жуық бөдене өсірілуде.

Бөдененің еті мен жұмыртқасы ауруға ем, шипалы. Оның үстіне дәм­ді, жеңіл қорытылады дейді. Бұл құс­қа ерекше күтім мен бап қажет. Бө­дененің саңғырық қиы болса – ты­ңайтқыш. Мәселе – істің көзін табуда.

Осындағы аграрлы-техникалық колледжінде 2 мыңдай құрт өсірілуде. Құрттар С.Торайғыров атындағы мем­лекеттік университеті жанындағы ғы­лыми-зерттеу орталығынан әкелін­ген. Бұлар негізінде тез көбейеді.

Станса мамандарының айтуынша, біздің халқымыз әуелден мал­дың, құстың қиын көң ретінде пайдаланғаны белгілі. Ал, бөдененің саңғырығы табиғи түрде жауын құрттарының көмегімен өңделеді. Бұл ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінен кейін қолға алынған жо­ба­лардың бірі.

Қазір шетелдерде құрт өсіру жаппай қолға алынған. Өйткені құрттар жылына 20 тоннадай қалдықтарды қорек етеді екен. Биогумустар арнайы қапшыққа салынып, сатылуда.

Тіпті, Болатжан Мұстафаев бас­таған жергілікті ғалымдар тұрмыстық қалдықтарды да жауын құрты ар­қы­лы қайта өңдеп, экологиялық таза ор­ганикалық тыңайтқыштар-био­гумус шығаруда.

Жоба станса жанындағы гелио­биоло­гиялық кешенде баламалы энер­гия алу үшін дайындалды. Яғ­ни,тех­нологиялық үдеріске түскен құс саңғырығынан биологиялық ты­ңайт­­қыш алынады.

Бөдене фермасынан айына он­даған тонна қи шығады. Жа­уын құрт­тарымен өңделген қиды ғалым­дар биоотын өндірісінде пайдаланады. 

– Құс саңғырығынан алынған биогумус өсімдіктер үшін пайдалы.Ол минералды заттарға толы. Көкөніс өсіретін, жылыжай шаруашылықтары үшін дайын тыңайтқыш, – дейді станса ғалымдары. 

Өңірдегі тәжірибелік стансада вируссыз картоптар да өсіріледі. Кар­топтың «Инноватор» атты сұрпы­нан қы­тырлақ картоп, фри жасайды. Қазір мұнда бидайдың да жаңа сұр­пы өсірілуде.


Павлодар облысы
Баннер
Соңғы жаңалықтар

Өркениетке бастаған өрелі істер

Қазақстан • 21 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар