16 Мамыр, 2013

Күн тәртібінде – көкейкесті міндеттер

385 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Күн тәртібінде – көкейкесті міндеттер

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:51

Астананың халықаралық дәрежедегі жоғары беделі мен сая­си салмағына бас қаламызда тұрақты түрде өтіп келе жатқан дәстүрлі жаһандық басқосулар дәлел. Соның бірі – әлемнің жүзге тарта мемлекетінің өкілдері бас қосатын, осымен елордамызда алтыншы рет өткізілгелі отырған Астана экономикалық форумы болып табылады. Бұл форум бүгінгі күні өзінің туы астына әлемге аты мәшһүр теоретиктер мен іс басындағы мамандарды топтас­тыратын жаһандық құбылыс болып отыр. Оған форум аясында өткізілетін жаһандық конференция­лар мен сессиялар куә.

 

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:51

Астананың халықаралық дәрежедегі жоғары беделі мен сая­си салмағына бас қаламызда тұрақты түрде өтіп келе жатқан дәстүрлі жаһандық басқосулар дәлел. Соның бірі – әлемнің жүзге тарта мемлекетінің өкілдері бас қосатын, осымен елордамызда алтыншы рет өткізілгелі отырған Астана экономикалық форумы болып табылады. Бұл форум бүгінгі күні өзінің туы астына әлемге аты мәшһүр теоретиктер мен іс басындағы мамандарды топтас­тыратын жаһандық құбылыс болып отыр. Оған форум аясында өткізілетін жаһандық конференция­лар мен сессиялар куә.

2013 жылдың 22 мамырында VI Астана экономикалық форумы шеңберінде Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі, БҰҰ Даму бағдар­ла­ма­сы және Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясының ұйымдастыруымен «Мем­лекеттік қызметті жаңғырту: тұрақты даму мақсатында тиімділікті арттыру» атты жаһан­дық конференция өткізіледі.

Конференция шеңберінде мемлекеттік қызметті жаңашаландыру, мемлекеттік қыз­метті білікті басқару және аймақтық әріптестік арқылы мемлекеттік қызметті тұрақты дамыту мәселелеріне бағытталған үш панелдік сессия өтетін болады. Аталмыш сессияларды мемлекеттік қызмет саласында дүние жү­зіне танылған сарапшылар: АҚШ-тың Жа­лақы бойынша федералдық кеңесінің төрағасы Стив Кондри, Халықаралық әкімшілік ғылымдар институтының бас директоры Ролет Лоретан және БҰҰ ДБ-ның Еуропа және ТМД елдеріндегі Братислава аймақтық орталығының мемлекеттік басқару саласындағы демократиялық тәжірибе көшбасшысы Анни Демиржандар жүргізеді деп күтілуде.

Конференцияда Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі директоры (2005-2011), тәуелсіз кеңесші Суквиндер Сингх Чопра, АҚШ-тың Мемлекеттік қызмет жүйесі қызметкерлерін басқару кеңсесі жанын­да­ғы басқарушылардың біліктілігін арттыру федералдық институтының (FEI) факуль­тет деканы Мэтью Стаффорд және БҰҰ-ның мемлекеттік басқару саласын­да ақпарат­тық желілерді басқару департаментінің үйлес­тіру­шісі Дениз Сусар сияқты дүние жүзіне танымал сарапшылар баяндама жасайтын болады. Сонымен бірге, конференция жұмысына мем­ле­кет­тік қызмет саласындағы Әзербайжан, Ау­ғанстан, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан ел­дерінің құзыретті мемлекеттік мекемелерінің басшылары, Татарстан Республикасы прези­ден­ті аппаратының басшылығы қатысады деп күтілуде.

Жаһандық конференция қорытындысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен мемлекеттік қызмет са­ласында құзыретті шетелдік мемлекеттік ме­ке­мелер арасында «Өзара түсіністік және әріп­тес­­тік туралы» меморандумға қол қою жос­пар­лануда.

VI Астана экономикалық форумы аясында 2013 жылғы 24 мамырда еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бір­ле­сіп «Индустриялық революция – «жасыл» эко­номикаға көшу» атты панельдік сессия өткізеді.

Бұл отырысқа «жасыл» экономика сала­сындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ, халықаралық, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады деп күтілуде. Сессия жұ­мы­сында Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрі Нұрлан Қаппаров, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, Азия және Тынық мұхит аймағы экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Вилгельм Молтерер баяндамалар жасайды. Сессияның модераторы ретінде БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Свен Алкалай арнайы шақырылып отыр.

Сессияның күн тәртібі бойынша, әлемдік ауқымдағы «жасыл» экономиканың негізгі сипаттамалары, оның жолында тұрған кедергілер, шетелдердің «жасыл» экономикаға өту тәжірибесі және басқа да көкейкесті мәселелер талқыланбақ. Отырыс қорытындысында сессия күн тәртібінде талқыланған ұсыныс-пікірлердің қорытындысы ретінде Рио+20 саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған нақты қадамдар бойынша ұсыныстар беріледі. Алдағы мамыр айында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі G-global ақпараттық-коммуникативтік алаңында осы тақырыптағы он-лайн конференция өткізеді.

Бүгінде зияткерлік меншік әрбір мем­ле­кеттің экономикалық дамуына үлес қосатын басты стратегиялық ресурсқа айналып отыр. Осыған байланысты, 24 мамырда VI Ас­тана экономикалық форумы шеңберінде «Зияткерлік меншікті интернет жүйесінде қорғау мәселелері мен болашағы» атты па­нель­дік сессия өтеді.

Заманауи ақпараттық төңкеріс адамзат­тың зияткерлік және шығармашылық мүм­кіндіктерінің технологиялық негізіне айналған ғаламдық ақпараттық жүйенің құрылуына түрткі болды. Ғаламдық интернет жүйесінің дамуы қоғамның саясат, экономика, мәдениет сынды барлық саласына үлкен әсерін тигізді. Ақпарат сатылып, пайда және шығын әкелетін нағыз экономикалық құралға айналды.

Электронды сауда мен ақпарат алмасу мақсатында интернет пайдаланушылардың қатары көбейе түсуіне орай, зияткерлік мен­шік саласын қорғауға ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені, ғаламтор сандық ортадағы а­қ­парат алмасудың жолы ғана емес, сондай-ақ, трансұлттық қылмыстарға да жол ашатын қаруға айналуда. Сондықтан авторлардың құқығын қорғау үшін күш біріктіріп, интернет жүйесіндегі қылмыспен күресу ке­рек. Міне, осы маңызды тақырыптар панель­дік сес­сия­ның күн тәртібіндегі негізгі мәсел­е­лер­ге айналмақ.

Форум аясында өтетін басты шаралардың бірі ретінде өнертабыс саласындағы респуб­ликалық «Шапағат» жетістіктер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ерекше атап өткен жөн. Ол – 23 мамыр күні «Шабыт» сарайында өтеді. Байқау Әділет, Білім және ғылым, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің бірлескен бұйрығына сай бекітілген ереже бойынша өткізіледі. Байқау жеңімпаздары «Ең үздік өнертапқыш», «Ең жас өнертапқыш», «Өнертапқыш әйел», «Жас дарын» номинациялары бойынша анықталады. Тағы бір атап өтерлік жайт, биыл бірінші рет қазақ­стан­дық өнертапқыштарды ынталандыру үшін «Қа­зақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер­тапқышы» атағына байқау жарияланды. Бұл байқаудың жеңімпазын марапаттау рәсімі де 23 мамыр күні өтеді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».