Спорт • 24 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда «Ақбидай-2019» жазғы спартакиадасы өтті

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында өткен «Ақ бидай-2019» жазғы спартакиадасы төрт күнге созылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Солтүстік Қазақстанда «Ақбидай-2019» жазғы спартакиадасы өтті

Сайысқа 2500-ге жуық спортшы қатысып,  спорттың 15 түрінен сайысқа түсті.

Ауыл аламанының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев сөз сөйлеп, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Дәстүрлі дода шерумен басталып, алаңда спорт ойындарының басты нышаны – алауды  кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының жеңімпазы, еліміздің сегіз дүркін чемпионы Нұрсұлтан Жақыпов жақты.

Тартысты бәсекенің қорытындысында  алаң иелері жарыстың ең биік тұғырына көтеріліп,  облыс әкімінің сыйлығы – «Газель» автокөлігі табыс етілді. Екінші, үшінші орындарды Қызылжар мен Ғ. Мүсірепов ауданының командалары иеленді. Оларға  ақшалай  сыйақылар берілді.