Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Маңғыстауда өрт оқиғасы 10 пайызға азайған

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Базарбаев Қуанар Бекенұлы мәлімдеді.

Маңғыстауда өрт оқиғасы 10 пайызға азайған

Жыл басынан бері облыс аумағында 126 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 10%-ға азайып отыр. Орын алған оқиғалардан 2 адам қаза тауып, 4 адам зардап шеккен. Деректерге сүйенсек, тіркелген өрт оқиғасының көп бөлігі тұрғын үйлерде орын алған. Сондай-ақ, автокөліктерде де 44 өрт оқиғасы болды. Мамандардың айтуынша, өрт оқиғаларының алдын алып, азайту мақсатында тұрғындарға өткізілген үгіттеу-профилактикалық жұмыстар нәтижесінде өрт саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға азайған. Бүгінде адамдардың қаза болуын, жарақаттануын алдын алу және өрт оқиғаларының санын азайту мақсатында тұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіруге көп көңіл бөлінген. Атап айтсақ, сенбіліктер өткізіліп, үй иелеріне жадынамалар таратылып, рейдтер жүргізілген.

-Өрт қаупі басым шілде-тамыз айларында өрт ошақтарын анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізілмек. Жоспарға сәйкес, облыстық әкімдіктен 4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылмақ. Өрт ошағын ертерек анықтап, кезекшілерге дер кезінде ғарыштық мониторинг арқылы дабыл қағылған жағдайда, тез арада қызмет ету үшін қазіргі таңда 25 маман арнайы оқытылды, деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ. Базарбаев.

Мамандардың айтуынша, бүгінде белең алып тұрған автокөліктердегі өрт оқиғаларын болдырмау мақсатында жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірігіп, қалалық және аудандық бөлімшелермен рейд өткізіліп, жүргізушілерге 1000 аса жадынама таратылған. Қоғамдық орындарда және адамдар көп шоғырланатын жерлерде өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіретін 6 билборд орнатылған.

Маңғыстау облысы




Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00