Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Елордада жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары ашылды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жұмыспен қамту қызметінің 4 мобильді орталығы ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Айнұр Рақметова қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Елордада жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары ашылды

«Кеше «Эталон», «Ұлжан», «Сапар» сауда үйлерінің алаңында және ескі теміржол вокзалының маңында жұмыспен қамтуда мобильді қызмет көрсететін орталықтар ашылды», – дейді Айнұр Рақметова.

Оның айтуынша, осындай мобильді орталықтар келер аптада «Тұлпар» және «Еуразия» сауда үйлерінің алаңында, одан кейінгі аптада Қосшы ауылы мен Силикатный тұрғын алабының саяжай алқабында ашылады.