Қоғам • 26 Шілде, 2019

Алматыда арыстық балалар «Өрнек» лагерінде демалуда

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласының балаларын жазғы демалыспен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млн теңге қаражат қарастырып, 225 оқушы мен 21 мұғалімді Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» балалар лагерінің базасында демалту жоспарланған болатын.

Алматыда арыстық балалар «Өрнек» лагерінде демалуда

Осы игі шараға орай ұйымдастырушылар балаларды вокзалдан салтанатты түрде ән-күймен, аниматорлардың өнерімен, арнайы сыйлықтармен  қарсы алып, «Өрнек» сауықтыру лагеріне орналастыруды жазғы жұмыстарының маңызды бөлігіне айналдырған.

«Өрнек» лагерінде балалар үшін танымдық байқаулар, ағылшын тілі курсы, спорттық ойындар, дұрыс тамақтану және жаңа достармен танысу сияқты қызықты күндер басталып кетті. Бүгінде  «Өрнек» лагерінде 75 оқушы, 7 педагог демалуда.

Келесі 150 оқушы, 14 педагог ағымдағы жылғы 23 шілде-6 тамыз күндері демалатын болады.  Балалар үшін мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған. Балалармен білікті педагогтар мен психологтар жұмыс істеуде.

Демалыс барысында оқушылар мен педагогтарды Алматы қаласының тарихи және көрікті жерлерімен таныстыру экскурсиялары жоспарланған. Алғашы демалушылар келген кезде лагер аумағында Алматы қаласы әкімдігі мен «Казлегпром-Алматы» ЖШС өкілдері демалып жатқан балалардың әрқайсысына мектеп формасын сыйға тартқан болатын.