Келісімшарт Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Абай» теңіз учаскесінде кем дегенде бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді көздейді.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы шілде айының басында Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған болатын. Соған сәйкес тараптар Қазақстан пайдасына қол қою бонусын төлеу (жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлем – ҚР Салық кодексі) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті үлесті қамту бойынша міндеттемелері жөнінде келісті.
Бұл жоба қос компанияның ресурстық базасын кеңейтуде маңызды қадам болып табылады.
Маңғыстау облысы