Осылайша, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандарының айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында «Skype» бағдарламасы мен бейне конференц байланысы жиі қолданылады.
Мысалы, Департамент қызметкерлері, өткізілетін конкурстардың ашықтығын, жариялылығын және объективтілігін бақылайтын уәкілетті органның өкілдері ретінде, аудан деңгейінде өткізілетін конкурстарға «Skype» IP телефония бағдарламасының көмегімен процеске қатысады.
Бұл қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және іссапар шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бері облыстық соттың конкурстық комиссиясы әңгімелесуді бейнеконференция байланысы арқылы өткізуде.
Мысалы, Қарғалы аудандық сотының бас маманы лауазымына үміткер Салтанат Мұсабековамен сұхбаттасу видеоконференция арқылы өткізілді, бұл оған әңгімелесуге қатысу үшін облыстық орталыққа бармауға және жол жүру шығындары мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.
«Жыл басынан бері біздің Департаменттің қызметкерлері аудан және мемлекеттік органдармен өткізілген 30 іріктеу сатысына "Skype" видео желісі арқылы байқаушы ретінде қатысты.
Осылайша, облысымыздың мемлекеттік қызмет саласында инновациялық ақпараттық технологияларды дамытып, оны одан әрі қолдану бәсекеге қабілеттілік деңгейін және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді департамент басшысы Расул Медетов.