Әлем • 29 Шілде, 2019

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

«Қымбатты достар! Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтижесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды», - деп жазды министр