Түркістанға келген туристердің естелік ретінде өз еліне кәдесый әкетіп жататыны заңды. Еліміздің өзге өңірлерінен зиярат жасауға келгендер де құрқол қайтпайды. Осы орайда әсіресе шетелдіктердің терракот (күйдірілген балшық) кәдесыйларға аңсары көбірек ауады екен. Шетелдіктер қызығатын, саздан жасалған балбал, сазсырнай, құмыралар алыстан әкелінбейді, әрине киелі қаладағы шеберлер орталығында жасалады.

Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Абайхан Рысбаевтың айтуынша, шеберлер орталығына шетелдіктер жиі келеді. Оларға қолөнершінің мінсіз жасаған өніміне қарағанда, айқыш-ұйқыш болса да өзі жасаған бұйым таңсық. «Құмыра жасайтын ұршыққа отырып, саздан бұйым шығарғысы келеді. Басым бөлігі кесенің пішімін шығаруға тырысады. Көптеген мемлекеттерде арт-терапия кең тараған. Яғни, адамның психикасындағы күйзелісті өнер арқылы жеңуге тырысады, глинотерапия шетелдіктерді ерекше қызықтырады. Саз-топырақпен физиологиялық емделу де пайдалы. Көрмелерге шақырту алып, Франция, Таиланд секілді елдерге барғанымда архитектуралық ескерткіштен тыс адамдарды қолөнер бұйымдары қатты қызықтыратынын аңғардым. Құмыра жасайтын ұршығымды өз дүңгіршегіме қоямын да, қонақтардың көзінше ыдыс жасаймын. Шетелдіктер ерекше ықыласы ауып, қызығушылық танытады», дейді шебер.
Алматы көркемсурет училищесінің керамика факультетін бітірген Абайхан аға қайта жаңғырту шеберханасында, яғни реставрация саласында жұмыс істеп келеді. Реставрациямен қатар құмыра жасайды. Шебердің айтуынша, әр ұлттың өзіне тән мінезі, менталитеті қолөнерде айқын көрінеді. «Түркістандағы қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстар формалық тұрғыда ерекше. Қазба жұмыстарынан табылған тұрмыстық бұйымдардан талғамды байқаймыз. Бұйымдар терракот күйінше қалады. Немесе аңдар мен өсімдіктер бейнеленеді. Кәдесый жасағанда бағзы заманғы шеберлердің талғамымен санасамын. Ұлттың болмысынан, тарихынан дерек беретін кәдесый әрқашан трэндтте», дейді А. Рысбаев.
Қолөнер адамды ішкі болмыстың үйлесімділігіне жетелейді деп есептейтін шебердің айтуынша, кілем тоқу, көзе, құмыра, киізден түрлі бұйым жасау шетел азаматтарына қызықты.
Түркістан облысы
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар