Өзара әріптестікке мүмкіндік мол
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:41
Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Чехияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкиді қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Чехия арасында жүйелі ғаламдық және аймақтық деңгейдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған тұрақты саяси сұхбат қалыптасып отырғанын және оның жалғасуы мен кеңейе түсуіне қажетті сапалы жағдайлар жасалғандығын атап өтті.

Екі жақты ынтымақтастық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың қазан айындағы Чехияға сапары барысында беки түсті. Сол жолғы жоғары деңгейде өткен кездесудің маңызды нәтижесі екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Ал Қазақстан мен Чехия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласын дамыту өзара тәжірибесі бұрыннан қалыптасқан.
2012 жылдың соңында Чехия Қорғаныс министрлігінің шақыруымен қазақстандық әскери делегация Прага көрмесі мен «Болашақтың сарбазы» конференциясына қатысып, отандық әскери мамандар киберқауіпсіздік, терроризмге тосқауыл, инфрақұрылымды қорғау шараларын ұйымдастыру бойынша НАТО тәжірибесімен танысқан еді.
Қазіргі кезде ұлттық технологиялық даму бағдарламасы шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосы чехиялық компаниялармен арадағы өзара байланысты нығайтудың, олардан стратегиялық емес қаруды алу мен өндірудің мүмкіндіктерін қарастыруда.
Осыны еске ала отырып, Әділбек Жақсыбеков Чехия тарабына халықаралақ KADEX-2014 қару-жарақ және әскери мүлік көрмесіне қатысуды ұсынды.