Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғады

814 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

6 тамыз күні Қазақстанның алты облысында жел соғып, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. 

Ертең еліміздің басым бөлігінде жел соғады

6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүтік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында түнде шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы  90-95%.

6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде найзағай.  Орал қаласында күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

6-8 тамызға күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды боран, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36-41°С қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында күндіз  38-40°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

6 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 6 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 6-7 тамызда күндіз кей жерлерде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 6-7 тамызда күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

6 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз 42°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Күндіз 6 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %