Кино • 08 Тамыз, 2019

«Қап-қара адам» байқауға қатысады

166 рет көрсетілді

Отандық кинорежиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» картинасы халықаралық кинобайқауда бақ сынамақ. Аталған туынды 2019 жылдың 20-28 қыркүйегі аралығында өтетін әлемдегі ең көне «А» класты кинофестивальдардың бірі – 67-ші San Sebastian International Film Festival жобасының негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.

Бұл – Short Brothers және Arizona Pro­duc­tions компания­ларының қаты­суы­­мен Astana Film Fund компания­сы жа­са­ған картинаның әлемдік премьера­сы. Фильмде басты рөлдерді Данияр Ал­шинов пен Динара Бақтыбаева ойнайды.

– «Қап-қара адам» – өмірдің түрлі сынақтарында өзгеріп, қайта адам болатын кейіпкер туралы фильм. Туын­дыға арқау болған оқиға талай рет айтылып, сандаған сюжетке ар­қау болып жүргенімен де, мен үшін бұл тақырып қашанда қызық. Әр­да­йым толғандырып жүрген өзекті мәсе­лелердің санатында. Жанр бойынша жіктейтін бол­сақ, менің фильмім – анти-детектив», дейді төл туындысы жө­нінде кинорежиссер Әділхан Ержанов.

Естеріңізге сала кетейік, аталған картина өткен жылы Almaty Film Festival кинобай­қауы аясында өткен питчинг жоба­ларының жеңімпазы атан­ған болатын. Фильм про­дю­сер­­лері – Ақан Сатаев пен Ер­­нар Құрмашев, компози­торы – Ғалымжан Молдана­зар. Сценарийді жасау үшін Әділ­хан Ержанов пен нидер­лан­­дтық Ролоф Ян Минне­боо бір­лесе жұмыс істеді.

Отандық өнімнің кинобай­қау­дан топ жарып, елге олжалы оралуына тілектеспіз.  

Соңғы жаңалықтар

Әділ қазы – қоғамның құты

Саясат • Бүгін, 00:16

Қылмысты құрықтау кезеңі

Қоғам • Бүгін, 00:11

Қандастың басын қосқан жиын

Қазақстан • Бүгін, 00:05

Әлемнің Әуезові

Әдебиет • Бүгін, 00:03

Түгел түркінің тұлғасы

Қазақстан • Бүгін, 00:01

Болат жолдың майталманы

Қазақстан • Кеше

Аюхановтың арманы

Театр • Кеше

Заманауи кітапхана

Сұхбат • Кеше

Цифрлық таңбалау жүйесі

Қазақстан • Кеше

Көліктер QR-код тағады

Қазақстан • Кеше

Жол жөнделсе, іске сеп

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар