Әлем • 15 Тамыз, 2019

Алмазбек Атамбаевқа 4 бап бойынша айып тағылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа төрт эпизод бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінгені туралы мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Алмазбек Атамбаевқа 4 бап бойынша айып тағылды

Атап айтқанда, Атамбаев: Бішкек жылу энергия станциясын жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, Бішкек жылу энергия станциясына көмір жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, заңсыз жолмен табыстарын арттырды («Форум» ғимараты ісі), Геология агенттігінің жекелеген лауазымды тұлғаларымен бірге лицензия беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке іліккен.

Бұдан бөлек, бас прокурор Откурбек Джамшитов Атамбаев қару пайдалану, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, тергеуге кедергі жасау, адамдарды кепілге алу, адам өлтіруді ұйымдастыру, адам өлтіруге әрекет жасау баптары бойынша күдікке ілінген мәлімдеген.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақшы болды деген болатын.