Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды  

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласына 140 жыл толды. Қостанайлықтар мен қала қонақтары оны екі күн бойы кең көлемде атап өтіп жатыр.Мереке бағдарламасы мазмұнды әрі бай. Мерекеге қала әкімдігі барынша дайындалды, қаланы гүл көмкеріп тұр. Қала мерекесі аясында облыс орталығында көптеген шаралар өткізу қамтылған.

​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды  

Мерекені кеше Қостанай қаласындағы жаңа әсем ғимаратта өткен «Шәмші әлемі» концерті бастады. Бүгін белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаевқа қойылған мүсіннің белгілі өнер және әдебиет майталмандары әрі талантты мүсіншінің замандас інілері Асанәлі Әшімовтың, жазушы Төлен Әбдіктің, Қойшығара Салғараұлының қатысуымен салтанатты ашылуы өтті.

Мереке орталық алаңда өтетін «Ару қалам – Қостанайым!» атты салтанатты кешкі бағдарламамен жалғасып таппақ. Онда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды мерекемен құттықтайды, «Қостанай облысының құрметті азаматы», «Қостанай қаласының құрметті азаматы» төсбелгілері тапсырылады. Әрине, мереке сәнін ән мен жыр келтіреді, қостанайлықтар Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концертін тамашалайды, мерекелік отшашуды қазатайды.  

 

Қостанай

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше