Спорт • 22 Тамыз, 2019

Головкин келесі жекпе-жегін ресми жариялады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін ресми жариялады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Головкин келесі жекпе-жегін ресми жариялады

«5 қазан күні тамаша жекпе-жек болады. Рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісі келетін жекпе-жек өткізуге тырысамын. Big Drama Show Мэдисон Сквер Гарден рингі мен DAZN-ге қайта оралады. Нью-Йоркте көріскенше»,- деп жазды Головкин Twitter парақшасында.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы украиндық Сергей Деревянченкомен IBF титулы үшін жұдырықтасатыны айтылған. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорк қаласында «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.