Бүгінде бір жерден сым, бір жерден шифер, енді бір жерден қиыршық тас пен бояу сатып алып жүрген отбасы өздері салып жатқан үйдің бір бөлмесінде тұрады.
«Біздің ең үлкен арманымыз - осы үйімізді салып бітіру. Жолдасым қолынан келгенше тырысып жүр. Үйді салып алсақ, балаларымыз сол үйде бақытты ғұмыр кешетін болады» дейді Бибігүл Аймағамбекова.
Бірақ үйді толық салып бітіру үшін қаражат жетпей жатқан көрінеді. Ал жақында балалар үшін сабақ басталады. Оларды мектепке дайындау керек.
"Жеке сот орындаушыларға көмектері үшін рахмет айтамыз. Балаларға мектеп формасын сатып алдық. Үйді салып болғаннан кейін бәрін міндетті түрде үйге қонаққа шақырамын. Біздің отбасы қиын кезде қол ұшын созған жандарды ешқашан ұмытпайды» дейді Аймағамбековтер отбасы.