Руханият • 27 Тамыз, 2019

Қырық мәрте басылған кітап

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Руханиятымыздың қара шаңырағы жүз жылдық тарихы бар Ұлттық кітапханадағы жер асты мұрағатының ғасырлық тарихы бар. 1946-1990 жылдардағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында ғасырлар қойнауынан жеткен басылымдар сақталған.

Қырық мәрте басылған кітап

Олардың қатарында Эразм Роттердамскийдің (1523 ж.) кітабын ерекше атап кетуге болады. Кітаптың латын тіліндегі бірінші басылымы (Лейден, 1523 ж.) Парижде 1509 жылы жарық көргендігін атап өтті. Аталмыш сатиралық шығарма кейбір адамның арсыздығын әшкерелейді. Кітаптың отыз жылға жуық мерзімде 40 рет басылғаны сұраныстың жоғары болғандығын көрсетеді. Ал ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында тоқтап қалуына байланысты сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының  жұмысы 1946 жылғы наурыз айынан қайта жанданып, шығыс қолжазбаларына толық сипаттама жасалынды. Осы кезеңде Шығыс қолжазбаларына 180 анықтама даярланып, ХVІ-ХVІІІ ғғ. қолжазбалар анықталған.

1946 жылы сирек кітаптар мен қолжазбалардың қорын түгендеу, кітаптармен және каталогтармен толық салыстыру жұмыстары аяқталды. Сол жылы 47 дана сирек кітап сатып алынды. Олардың ең құндылары – «Златые остатки древности» (1783 ж), А. Бенигсен «Легенды и сказки Центральной Азии» (1786 ж) шығармалары, оның кейбіреулеріне қолтаңбалар қойылған. 1947 жылы жалпы кітап сақтау орнынан 771 дана сирек кітап іріктеліп, 279 ғылыми сипаттама жасалған.

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының сол кездегі міндеттерінің бірі – 1917 жылға дейін қазақ тілінде шыққан кітаптарды жалпы сақтау орнында іріктеу мен өңдеу болды. Бұл қор 50-жылдардың бас кезіне қарай Қазақстан туралы мәлімет беретін шетел әдебиеттерін және олардың сақтау орнын анықтаумен айналысты. Сонымен 1950 жылға қарай түгендеу кітаптары бойынша есепке алынғаны: кітаптар мен журналдар – 6534 дана; газеттер – 61 тігінді; альбомдар – 42 дана. Соның ішінде орыс және славян тілдеріндегі кітаптар мен журналдар – 4367 дана; батысеуропалық тілдерде – 2167 дана. Қолжазбалар орыс және славян тілдерінде – 264; қазақ тілінде – 41; шығыс тілдерінде – 275; батысеуропалық тілдерде – 2167 дана; сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы газеттер: қазақ және шығыс тілдерінде – 52 дана; орыс тілінде – 57 тігінді.

Бүгінде бөлім микроформаларды оқитын аппараттар және  компьютерлік техникалармен жабдықталған. Онда сақталған барлық бірліктер ұлттық және әлемдік тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген.

 

 

АЛМАТЫ