Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019

«Самұрық-Қазына»: мектептер есігін айқара ашты

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласының 16 орта мектебін 100%-ға қалпына келтірді. Салтанатты алғашқы қоңырау жиыны қаланың барлық мектептерінде жоспар бо­йынша 1 қыркүйек күні өтті. 10 мыңнан астам оқушы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мектептерде оқу жылын бас­тап кетті.

«Самұрық-Қазына»:  мектептер есігін айқара ашты

Жөндеу жұмыстарымен қа­тар, қордың бастамасымен мектептерде ағаш терезелер плас­тиктен жасалған терезе­лерге, ескі футбол алаңы жаңа­сы­на ауыс­ты­рылды. Сондай-ақ қалпына келтірілген бар­лық мектептер жаңа мектеп жиһазымен жаб­дық­талды. Сонымен қатар қо­сым­­ша жаңа мектеп мүкәмалы са­тып алынды.

«Біз әлеуметтік инфра­құ­рылымның 68 нысанын қал­пы­на келтірдік. Бірақ жаңа оқу жылын ескере отырып, мектептерге ерекше назар аударылды. Бүгін бұл тек оқушылар мен олардың ата-аналары үшін ғана емес, сонымен қатар біз, құрылысшылар үшін де мереке», – деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кеткен жөн, 1 шілдеде қор 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, темір­ жол вокзалы, Даңқ аллея­сы және орталық алаң сияқты қираған әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарын бастады.

Бүгінгі таңда Арыс қала­сын­да қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пай­да­лануға берілді. Қайта қалпына кел­тірілген қалған 5 нысан қыр­күйек және қазан айларында тап­сырылады. Оның қатарында жедел медициналық көмек және сто­матология бөлімшелері, вок­зал, балалар жасөспірімдер спорт мектебі мен балабақша бар.

Арыс қаласын қалпына кел­тіру және құрылыс жұмыс­та­рына қор 7 млрд теңге бөлді. Қо­р­дың атынан жобаның операторы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.