Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019

Президент кубогы сарапқа салынды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Президент кубогы сарапқа салынды

Іс-шараның ашылу салтана­тына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова, Нұр-Сұлтан қаласы­ның әкімі Алтай Көлгінов, Прези­денттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, «Егемен Қазақстан» АҚ бас­қарма төрағасы Дархан Қыдыр­әлі мен турнирдің маңыз­дылығына тоқ­талып, қатысушы командаларға сәт­тілік тіледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Тараз, Солтүстік Қазақстан облыстарынан бас-аяғы 24 команда қатысқан турнирде «Хабар» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орын «Qazsport» жігіттеріне бұйырса, үздік үштікті «Хабар 24» түйіндеді. Жартылай финалға сүрінбей жеткен «Egemen Qazaqstan» ұжымы төртінші орынды місе тұтты.     

Турнирдің жүлде қоры – 3 500 000 теңге. 1-орын – 1 500 000, 2-орын – 700 000, 3-орын алған коман­­далар 300 000 теңгеге ие бол­ды. Сонымен қатар бес аталым бойынша үздік ойыншылар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Со­ның ішінде «Үздік қақпашы» номинациясы егемендіктерге бұйырды.

 Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»