Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2019

Резонанс тудырған жиын еді - Дулат Исабеков

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1973 жылы өткен Азия мен Африка елдері қаламгерлерінің конференциясы сол уақытта қа­зақ әдеби ортасында, жалпы­ қо­­ғамда үлкен дүрбелең ту­ғыз­­ды. Бұл дүние жүзі ақын-жа­зушы­ларының қазақ елі­не тұңғыш рет келуі еді. Және біздің жат құр­­­­лықтың қа­лам­герлерімен та­ны­­­сып, білісуіміздің де ал­ғаш­­­­қы қа­дамы болды.

Резонанс тудырған жиын еді - Дулат Исабеков

 

Әдеби кеңіс­­­­тікке қозғалыс алып келген бұл кон­ференцияның Алматыда өтуі­­не себепші болған  – Әнуар Әлім­­­жанов еді. Оның төрағалығы тұ­сында әдеби-мәдени байланыстар қарқынды дамыған болатын. Әл-Фарабидің 1100 жылдығы Таш­­кентте той­лан­ғалы тұрғанда Мәс­кеуге барып, Қонаевты ара­ға са­­лып жүріп, мерейтойды Ал­ма­ты­­да атап өткізген де Әлім­жа­нов еді.

Осындай конференция, форум туралы кей адамдар «Оның бәрі неге керек? Берері не?» деген сарын­да сұрақтар қойып жатады. Бұл рухани тайыздық. Мұндай шаралар әдебиетті тұтастырады һәм жақындатады. Шабытына шабыт қосады. Шынын айтсам, сол жиын шығармашылық өмірімізге үлкен резонанс алып келді. Онымен қоса өркениетті елдерге, яғни жан-жағымызға қарауды үйретті. Жалпы әде­биетте әлемдік тақырып деген бар, қазақ тақырыбы деген болады. Сол конференцияда біз әлем­ге, жаһанға көз тіктік.

Ашылу салтанатында палес­тиналық  ақын Муин Бсисудың мінберге шығып сөйлеген сөзі ерек­ше есімде қалыпты. Ол өз зама­нының революциясын жыр­­лаған мінезді ақын еді. Сол тұс­та Мәскеуден кітабы шы­ғып жат­қан. Қысқасы, ұлы дүрмек­тің қазақ қаламгерлеріне әсері көп болды. Қалихан Ысқақ жа­зу­шылардың анда-мұнда қаты­науына көліктерді реттеді. Ал Шерхан Мұртазадан асханаға кіретін талон алатынбыз. Кейін той тарқаған соң Рамазан Тоқтаров: «Шерхан – таусылған талон, Қалихан – желі шыққан балон», деп анекдот шығарған-ды.

 

Дулат ИСАБЕКОВ,

жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты