Садық Әкіжанов 1984 жылы Павлодар қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті мәдениет орталығының «Президенттік институтының» ғылыми қызметкері (Астана қ.), Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Экологиялық аудиторлары ұлттық палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымының экономикалық мәселелер және БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қызметтерін атқарды.
2014 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі дейін «ҚазАқпарат» ХАА Бейжің қаласындағы тілшілер қосынын басқарды, Шанхай ынтымақтастық ұйымының баспасөз клубының вице-президенті болып сайланды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.