Экономика • 06 Қыркүйек, 2019

Қаржы секторына баса назар аударылды

212 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның дамуының аса өткір мәселелерінің кең ауқымы айтылды, сондай-ақ оларды стратегиялық және жедел сипатта шешу бағыттары белгіленді.

Қаржы секторына баса назар аударылды

Жолдауда атап көрсетілген экономиканың аса өзекті мәселе­лерінің ішінде мемлекеттік компа­ниялардың тиімділігі, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, салық жүйесі мен әлеуметтік аударым­дар жүйесін жаңғырту, несие саясаты, «Нұрлы жол» бағдар­ламасын іске асыруды кү­шейту мәселелерін атап өтуге болады. Осы салалардың қатарында елеулі өзгерістер бар.

Осылайша, шағын бизнесті қолдау шеңберінде микро және шағын кәсіп компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеу ұсынылып отыр, ол келесі жылы күшіне енуі тиіс. Бұл Қазақстан үшін теңдессіз акция. Шағын және орта бизнесті нақты қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа маңызды қадам микро және шағын кәсіп субъектілерін тексеруге үш­жыл­дық тыйым салу туралы шешім болды. Тек осы екі шара ғана шағын кәсіпкерлік бел­сен­ді­лігінің күрт өсуіне алып келуі мүмкін. Алайда Жолдауда оны қолдаудың басқа да бағыттары, атап айтқанда жаңа жобаларды құруға баса назар аудара отырып, әлеуметтік бағдардың өсуімен (көп балалы және аз қамтылған отба­сы­лардың отбасылық бизнесі) байланыстырылған ШОБ-ты мемлекеттік қаржылық қол­дау­дың барлық жүйесін қайта жүктеу ұсынылды. Бұл қолдауға үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлу ұсынылады.

Әлеуметтік әділеттілікті және халықтың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған басқа да ұтымды қадам – ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлуге және оның технологияларға инвестицияларды арттыру бо­йынша бизнесті ынталандыру құралы ретіндегі жұмысына, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салық жүйесін жаңғырту болуы мүмкін. Тиімділікті түбегейлі арттырудың осы кілті бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлемді енгізу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру туралы тапсырманы қарастыруға болады, бұл шығындарды азайтуға және активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жолдауда қаржы секторы­на баса назар аударылды. Пре­зи­дент зейнетақы жүйе­сін­де­гі мәселелердің өсуіне, атап айт­қан­да, жұмыс істейтін азаматтар мен зейнеткерлер арасындағы сәйкестіктің өзгеруіне, сондай-ақ зейнетақы активтерінің жеткіліксіз жоғары табыстылығына (дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан кейін бұл табыстылық айтарлықтай ұлғайды) тоқталды. Үкімет пен Ұлттық банктің алдына зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға қол жеткізу міндеті қойылды.

Банк жүйесінің жұмыс істеу мәселелері маңызды. Банктер өте үлкен мемлекеттік қолдауға қарамастан, экономикалық өсу үшін тірек бола алмады, оларды несиелеу қысқаруда, ал Ұлттық банктің ақша-несие саясаты әзірге бұл жағдайды өзгерте алмады. Он жыл ішінде, 2008 жылдан бас­тап 2018 жылға дейін ІЖӨ-ге қатысты банктер несиелерінің көлемі екі есе қысқарды – 46-дан 22,3%-ға дейін және бұл жағдай түзетуді қажет етеді. Дәл осыған Президенттің банктердің бизнесті «қолайлы шарттарда және ұзақ мерзімге» несиелендіруін қамтамасыз ету мақсатында монетарлық саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы бағытталған.

Банк секторы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар да қазақстандық экономиканың басым салаларында оның жедел дамуын қамтамасыз етуге арналған негізгі буыны, алайда олардың жұмыс істеу тиімділігі белгілі бір сұрақтарды тудырады. Президент Қ.К.Тоқаев бұрын жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізу туралы шешім қабылдады, өйткені олардың қызметінің тиімділігін бағалауды қажет етеді. Жолдауда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі нақты үлесін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізу ұсынылды, оның нәтижелері бойынша Қазақстан экономикасында шамадан тыс үлкен үлес бар мемлекеттік секторды оңтайландыру туралы маңызды шешімдер қабылдануы мүмкін. Қазақстанда үш мемлекеттік холдинг («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек»ҰБХ және «ҚазАгро») және ІЖӨ активтерінің арақатынасы шамамен 50%, оларда шамамен 300 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыс істейтін халықтың шамамен 3,5%-ын құрайды. Осы салада Жолдауды іске асыру шеңберінде анықталуы және пайдаланылуы мүмкін оңтайландыру үшін айтарлықтай резервтер бар екені анық.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауынан айтылған тезистер неғұрлым жарқын және маңызды. Ал оларды іске асыру шаралары экономикалық өсімге елеулі серпін беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының сапасын арттыра алады.

Вячеслав ДОДОНОВ,
экономика ғылымдарының докторы, Президент жанындағы ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар