«Айтыс сүйер қауымға жариялар сүйінші хабарымыз бар. Таяу күндерде «Nur Otan» партиясының қолдауымен Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталады. Бұл айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлек мереке. Сондықтан да Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халық өнерінің өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жандарға жол ашты. Елбасының тікелей бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында да ұлттық рухани мұрамызды, құнды жәдігерлерімізді, спорттық ойындарымыз бен өнер сайыстарын түгендеп, дамытуға ерекше мән берілген. Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз» екендігі нақты көрсетілген», деп жазады Б. Байбек.
⠀
Партия төрағасының орынбасары «Nur Otan» партиясы жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келетінін атап өткен.
⠀
«Ежелден «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр. Осы мақсатта біз партия қолдауымен жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық. Биылдың өзінде жыл соңына дейін бес айтыс өткіземіз. Баршаңызды алда өтетін осынау арқалы ақындардың сөз сайысына келіп, өрелі өнерімізді тамашалауға шақырамын», деді Б. Байбек.
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтыс сүйер қауымға сүйінші жаңалығын жариялады. «Nur Otan» партиясы жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алды. Бұл туралы Б. Байбек Instagram желісінде жазды.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше