Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Қостанайда туберкулезге қарсы жылына 11 мың нәресте егіледі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің «Халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы» деген тақырыпта өткізген брифингінде айтылды.

Қостанайда туберкулезге қарсы жылына 11 мың нәресте егіледі

Қостанай облысы халықтың туберкулезге шалдығудың қауіпті аймақта орналасқан, сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарының бірлесіп жүргізген жұмысы туберкулезбен күресте белгілі бір табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«Қостанай облысында жыл сайын туберкулезге қарсы 11 мыңнан астам жаңа туған нәресте мен 6-7 жастағы 6 мыңнан астам бала вакцинацияланады. Иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Туберкулезге қарсы вакцинация балалар арасында туберкулезді менингит және диссеминирленген туберкулез сияқты осы сырқаттың ауыр жағдайларының дамуына жол бермейді» деді Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Иванович.

Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда, туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда жүргізілген шаралардың тиімділігін растайды. Сонымен қатар, брифингте республикада туберкулезге қарсы вакцинацияға (БЦЖ) қатысты қиын жағдай қалыптасып отырғаны да айтылды. Себебі вакцинаны 35 елден, оның ішінде Қазақстан Республикасынан "Japan BCG Laboratory" өндіруші зауыты (Жапония) кері қайтарып алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинация уақытша тоқтатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің,сонымен қатар БДҰ ұсынылған БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.

Қостанай